Күнделікті оқылатын дұғалар.
Таңертең ұйқыдан тұрғанда оқылатын дұға
Оқылуы: «Әлхамдулилләһи әлләзи ахяна баъда мә әмәтәнә уә иләиһин-нушур».
Мағынасы: «Өлгеннен кейін қайта тірілткен Аллаһқа мадақ болғай! Өлгеннен кейін қайта тірілуіміз тек Оған ғана тән».
Төсекке жатқанда оқылатын дұға
Оқылуы: «Аллаһуммә бисмикә әмуту уә әхя».
Мағынасы: «Аллаһым! Тек Сенің есіміңмен өлеміз және тірілеміз».
Уайым-қайғыдан құтылу үшін оқылатын дұға
Оқылуы: «Я хайю, я қайюуму. Бирахматика әстағису».
Мағынасы: «Уа, мәңгі тірі тұрушы және әр нәрсені толық меңгеруші Раббым! Сенің мейіріміңе сиынып, сенен жәрдем тілеймін».
Қатты қиналғанда оқылатын дұға
Оқылуы: «Лә иләһә иллә әнтә. Субханәкә, инни кунту миназ-залимин».
Мағынасы: «Сенен басқа Тәңір жоқ. Сені кемшілік атаулыдан пәктеймін. Расында, мен өз-өзіме зұлымдық етушілерден болдым».
Үйден шығарда оқылатын дұға
Оқылуы: «Бисмилләһи, тәуәккәлту ала Аллаһи, уә лә хәулә, уә лә қууата иллә билләһи».
Мағынасы: «Аллаһтың атымен, Аллаһқа тәуекел еттім. Күш-қуат тек Аллаһтан».
Бір нәрсе жоғалтқанда оқылатын дұға
Оқылуы: «Аса Раббунә ән юбдиләнә хайран минһә, инна илә Раббина рағибун».
Мағынасы: «Раббымыз бізге бұдан да жақсысын береді. мүмкін. Расында, біз Раббымызға бет бұрдық».
Ас ішерде оқылатын дұға
Оқылуы: «Аллаһумма бәрик ләнә фимә разақтәнә уа қина азәбәннар, бисмилләһи».
Мағынасы: «Аллаһым! Бізге берген ризық-несібелеріңе береке бер және бізді от азабынан сақтай гөр! Аллаһтың есімімен».
Астан кейін оқылатын дұға
Оқылуы: «Әлхамдулилләһилләзи атамани һәзә, уә разақаниһи мин ғайри хаулин минни уә лә қууатин»
Мағынасы: «Менен ешбір күш-қуат жұмсамай бұл тағамды жегізген және оны маған ризық етіп берген Аллаһқа мадақ болғай».
Жақсы түс көру үшін оқылатын дұға
Оқылуы: «Аллаһумма инни әс-әлукә руян салихатән, садиқанғайра кәзибатин, нәфиатин ғайра дарратин».
Мағынасы: «Аллаһым сенен шын салиқалы жалғандықтан ада, пайдалы, залалы болмайтын түс (көруімді) сұраймын».
Ауызашар дұғасы
Оқылуы: «Зәһәбәз-замау уәбталлатил-уруқу уә сәбәтәл әжру. Инша Аллаһу таала».
Мағынасы: «Шөл басылып тамырларға қан тарады. Сауап та Аллаһ тағаланың қалауымен орнықты».
Жұма күні таңертең оқылатын дұға
Оқылуы: «Астағфируллаһәлләзи лә иләһә иллә һуәл хайюл қайиуму уә әтубу иләйһи».
Мағынасы: «Өзінен басқа ешбір тәңір болмаған, әрдайым тірі, әр нәрсені толық басқарып тұрушы Аллаһтан күнәларыма кешірім сұраймын және оған тәубе етемін».
Ұйқысыздық кезінде оқылатын дұға
Оқылуы: «Аъузу би иззәтилләһи уә би қудратиһи мин шәрри мә әжиду уә ухазиру».
Мағынасы: «Тартқан азабым мен мазасыздығымның жаманшылығынан Аллаһтың ұлықтығы мен құдіретіне сиынамын».
Әжетханаға кірерде оқылатын дұға
Оқылуы: «Аллаһумма инни аъузубикә минәл хубси уәл хабаиси».
Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Жын-шайтанның кесапаттарынан және барша жамандықтардан Өзіңе сиынамын. Мені олардан қорғай гөр».
Әжетханадан шығарда оқылатын дұға
Қазақша оқылуы: «Әлхамдулилләһилләзи әзһәбә анил-әзә уә афани».
Мағынасы: «Жанымды азаптайтын қиыншылықтан құтқарып, маған амандық пен саулық берген Аллаһ тағалаға мадақ болғай».
Намаздан кейін оқылатын дұға
Оқылуы: «Аллаһуммә аинни алә зикрикә уә шүкрикә уә хусни ибадәтикә».
Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Өзіңді еске алуға, Өзіңе шүкіршілік етуге әрі Өзіңе көркем түрде құлшылық етуге маған жәрдем ете гөр».
Жаңбыр жауғанда оқылатын дұға
Оқылуы: «Аллаһуммә сайибән нәфиған».
Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Нөсерлетіп пайдалы жаңбыр жаудыр».
Садақа бергенде оқылатын дұға
Оқылуы: «Раббанә тақаббәл миннә иннәкә әнтәссәмиғул алим».
Мағынасы: «Раббымыз бізден қабыл ет! Күдіксіз Сен естушісің және білушісің».
Әлдебір шығынға ұшырағанда оқылатын
Оқылуы: «Аса Раббуна ән юбди ләнә хайран минһә иннә илә раббинә рағибун».
Мағынасы: «Аллаһ бізге оның орнына одан да жақсысын береді. Біз Раббымызды қалаймыз».
Шипа үшін оқылатын дұға
Оқылуы: «Аллаһумма раббан нәси музһибәл яси. Ишфи әнтә әш-шәфи лә шәфия иллә әнтә. Ишфи шифә-ән лә юғадиру сәқәмән».
Мағынасы: «Уа, адамзаттың Раббы! Қиындықты жоюшы. Дерттерге шипа беруші. Өзіңнен басқа шипа беруші жоқ. Ауру-сырқат түгілі аурудың ізі де қалмайтындай шипа бере гөр».